Айыпкердің күнәсіздігін дәлелдеу үшін қолданылатын көне ырым. ~ Көшпенділер арасында көнеден келе жатқан, қазақ- қалмаққа ортақ бір төтенше жосын екен. Осындай ауыр қылмыс үстінде, кісі өлімі кезінде, айғақ куәсыз күдікті жағдайда айыпкер қара күмән ұстайды. Қ.Жұм. ~ Енді, міне, қара күмән деген пәле шықты. Жан беру, қасам ішу қанша қиын болса да, бұлтаруға мұршасын келтірмеді ғой. Қ.Жұм. ~ Бұл хабар сол күні- ақ жайлаудағы бүкіл елге тараған. Қара күмән, жан беру дегендері кімге де болса тосын, бұрын бұл өлкеде болмаған оқиға. Қ.Жұм.
