Posted in

ҚАРА КҮШ

Дене мықтылығы, қайрат. ~ Оны оп-оңай алдап кетем. Рамазанның жібі бос, аңқау. Алданғанын артынан бір-ақ біліп, дүрсе қоя береді. Қара күшінің менен гөрі артықтығына сенеді. Б.Соқ. ~ Иттің қара күші катерлі екен, есім ауып қалғандай болды. Ш.Мұр.

2. Арам ниетті озбырлық танытушы адам, топ. ~ Мұндай сөзді айта алған ақындарды туған ел Ай астында мәңгі жасарына иманым кәміл! Ол сөздің сәулесін әуемді жайлаған қара құстар түгілі, әлемді байлаған қара күштер де сөндіре алмайды!.. Св.Нұрж.