Ер тұлғалы, төзімді, небір қиыншылықты қыңқ етпей көтере білетін атпал азамат туралы. ~ Түрін байқадыңыз ба: нағыз бір туған қара нар! Мен тіпті оны ойыншығын көтерген баладай, бізді фаэтонымызбен қоса көтеріп жағаға шығарып қоя салады екен деп ойламап едім. Ой, шіркіннің күшін-ай! Х.Ес. ~ Ал сол Асан оқ тимесе, ең кемі жүз жасайтын қара нардың өзі еді. Жарасы тырнақтай-ақ болса да, оқтан өткір ажал жоқ. Ш.Мұр.
