Posted in

ҚАРА НӨСЕР

Шелектеп құйып берген жаңбыр. ~ 1595 жылы Прансиенің (Франция) әдемі бай «Мартини» деген қаласын жаңбыр бұзып кеткен. Көбінесе қалың қара нөсер өзендерді тасытып, жиегінен шығарады. А.Байт. ~ Тайлы таяғымен шығып, күн алысады, түн алысады, бірақ жаһанды жалпағынан жайлап алған қара өрттің беті қайтпайды.
Құдайдың дес берісінде, қара нөсер төгіп берсе, сонда ғана басылады. С.Шәй. ~ Іле–шала жел де басылып, қара нөсер сатырлап құйып кетті. Ә.Нұрп. ~ Күн ашықта қалбырдағы құмалақ тастар қапасқа қамалған жын-перілердей азан-қазан қылушы еді, қазір салдырлаған шуды қара нөсер қолма-қол тұншықтыра береді. Б.Ыбыр.

  1. Ағылып-төгілген, асып-тасыған, қалың, көз аштырмас. ~ Ән-жырдың жарып шыққан жүйрігімін, Өлеңнің ақ перісі қонған
    жастан. Ақырсам жын буғандай арқалымын, Ән-жырдың қара нөсер шалқарымын. Ә.Тәж. ~ Қара нөсер қасіретімен құрақ
    ұшып самсаған, Тасқын бойлап келе жатқан қалың топтан зарлаған, Үш әруей тартты кенет бізге қарап жалма-жан. М.Мақ.