Posted in

ҚАРА ПӘЛЕ

Албасты сипатты, ұнамсыз, СҰМЫРАЙ. ~ Түйені тасалап шегініп бара жатқандар дереу бел арқанды қиып жіберді. Әлгінде ғана от құсқан қара пәлелер судың түбіне кетті. Ә.Кек. ~ Шелегің түскір, қара пәле, қыс түссе болды құтырынып алатынын айтсаңшы?! Үйкүшіктеніп және ауыл арасынан шықпайды. Осындағы еркек терде де ес жоқ. С.Ғабб. ~ Бір күнге келген сыйлы қонағыңның алдына тастай салатын мен қойдың жамбасы емеспін ғой, сен мені шынымен қидың ба соған, кеспелтектей қара пәлеге! Ә.Тар. ~ Теңізге мұхиттан әкелініп жерсіндірілген бычок деген кіндіктей торсиған қара пәле жақсылық хабаршысы емес сияқты. Түрі жайын тектес. Ж.Кем.