Posted in

ҚАРА САЛҚЫН

Өкпеден өткен суық. ~ Мейірімсіз тағдыр құрған торға түсіп, Жапанда жатыр едік біз оққа ұшып, Кеудеден таза ыстық қан сорғалап, Қайрымсыз қара салқын жерді құшып… М.Жұм.

  1. Жанға жайлы қоңыр салқын жел. ~ Сайлардан соққан самалдың қара салқынын, Таңдайға ұйып, гүлдердің мына аңқуын. М.Мақ.