Posted in

ҚАРА СИРАҚ БАЛА

Жеткіншек, ойын баласы. ~ Уақыт деген қалай тез зымырап өтеді, деген ой келді Асқарға, кеше ғана ауылда жалаң аяқ, жалаң бас жүгіріп жүрген, Сапар ағайдың әңгімелерін таңырқай тыңдаған қара сирақ бала едік. Ә.Әл. ~ Күншуаққа керіліп- созылып қара сирақ бала шықты. Ә.Тар. ~ Бала кезімде осы сөз үшін шамданып, “сенің әкең өкіметшіл” деген сан қара сирақ баламен төбелестім де. О.Бөк. ~ Жаным-ау, күндерiм-ау… – Сонадайдан сөйлеген қалпы бұларға абдырай емпеңдедi. Жанында ит талаған тырнадай шаштары үрпиiп кеткен қара сирақ балалары бар. Ә.Ыб.