Posted in

ҚАРА СУЫҚ

Қарсыз, ызғарлы жел. ~ Әйтеуір қасындағылар қара суықта бүрсең қаққанда, ол қызара бөртіп тұр. Ғ.Мұст. ~ Кеш батқан coң күн ашыла ма деп едім — ашылмады. Оның үстіне бір қара суық жел шығып, гуілдеп соғып, мазаны кетіре бастады, Түн көзге түртіп алса көрінбейтін тастай қараңғы еді. М.Әу. ~ Шақшай үйелмендей үлкен де емес. Орта бойлы, дембелше, жеңіл жігіт. Бұл Қаракесектің қандыбалақ, баукеспе ұрысы. Қаңтардың қара суығында Ертістің екі бетінен жарып жылқы алып, түн қатып, түсі қашып жүретін қызыл көз. І.Жанс.