ҚАРА СҮМЕККЕ ТҮСТІ (СҮМЕК БОЛДЫ) Терге малынды. ~ Өз ойымнан өзім шошынып, қиналғаннан қара сүмекке түссем де: « Жоқ, еркек болсаң шыда, шыда!» деп өзімді қамшылаумен келемін. Т.Сәу. ~ Көзін ашса, тағы да сұр кемпір отыр сұқсиып қасында. Енді бет-аузын орамалмен сүртіп құрғата алмай әлек. – Тү-уй, бейшара, қара сүмекке түстің ғой. Жақсы терледің. Енді тәуір боласың! Т.Сәу. ~ Алғашында ескі ауруы – ревматизмі қозды ма, аяқтарын бауырына тартып, дөңбекши берді де, кейін ыстығы көтеріліп, қара сүмек боп терлеп, аласұрып шығатын болды. Д.Әш. ~ Тұра ұмтылған оның алдына кеп тоқтай қалған торы ат қара сүмек боп тер басып, ыңырана барып «ыңқ» етіп сұлай кетті. С.Ғабб.
