Posted in

ҚАРА ТАНЫМАЙДЫ

ҚАРА ТАНЫМАЙДЫ Сауаты жоқ, әліпті таяқ деп білмейді. ~ Оқудың түбiне жеткенде‚ тапқан пайдаң осы ма? Сененана қара танымайтын Мәтек артық. Б.Алд. ~ Айтайын дегенім революцияға дейін халықтың екі проценті ғана сауатты болды деген пікір жөнінде еді. Егер шындықты көзге ұрып айтар болсақ Шикі өтірік осы. Қара танымайтын, әптиек оқымаған адам бір үйде біреуден артпайтын. Б.Қыд.