Біршама оқыған, қулық-сұмдықтан хабары бар, ел тірлігінен, елге тән жұмыстан, дәстүр-салттан қол үзген д.м.
қолданылатын кекесін сөз. * Жан күйттейтін қаратаяқ емес, ауласына шөп-шалаң егіп, тауық-сауығын асырап шаруасын
шұқыламай, аспақтап не жоқ еді десеңші, бұл шіркінге. Т.Сәук. * Ақжайлаудың таңнан бастап абыр-сабыр әбігерге түсуі
Омардың Семейдегі қара таяқ ұлының келіп жату себебінен еді. О.Бөк. * … сосын құдды бытпылдық шағыл арасына
бытырай жайылып кеткен қойларын іздегендей айналаға алаңдап қарай бастап еді; кенет бұларға тағы бірнеше қара таяқ
қосылып, қауқылдасып карта алдына барды … Ә.Нұрп. * Әйтпесе, тақта туып, тақта кіндігі кесілген Жәдік тұқымынын ең
жуан тамырынан өрбіген Тәукенің өзі қарадан шыққан қара таяқтардың алдында осынша құрақ ұшпаған болар еді. Ә.Кек.
~ – Қаланың дал-дал өскен қара таяғы ма десем, болжамың бар бала екенсің, – деп қария күлді. – Талай бастықтар болған
мұнда, шырақ. Бірақ «осыны тындырып еді» – дейтін бірін атай алмаймын ба деп қиналамын. C.Шәй.
