Posted in

ҚАРА ТЫРНАҒЫНА ДЕЙІН КҮЙІП КЕТТІ

Ызадан жарыла жаздады. * … бұл жолы жаңағы өкілге қаны қайнап, қара тырнағына дейін күйгені сонша, аспан мен жер арасын ұйқы-тұйқы қып борап жатқан ақ түтек арасында желге қарсы омыраулап басып, жынды адамша өз-өзінен сөйлеп келе жатты. Ә.Нұрп. * Әкөн- әпенді енді қарадай арланбады, қара тырнағына дейін күйіп кетті. — Мен соймаймын. Пышақты да ұстамаймын. Керек болса, Иван- кочегар, өзің сой, өзің же! — деп ысылдады. А.Алт. * Қара тырнағына дейін күйіп тұрса да, сол арада қалай күліп жібергенін байқамай қалған-ды. Ә.Нұрп.

  • Бөтен адам аяқ басуға болмайды. Қара тырнағыма дейін күйіп тұрсам, тәлкек қылмақсың- ау. Қандай найсап едің. Ояқ- бұяқта тап сендей, сен иттей найсап болмас! С.Смат.