ҚАРА ТІЛ (ТІЛДІ) Тілмар, шешен. ~ Сол жақсыдан жаман туған адам Шалтабай еді. Інім, сен Шалтабайды тап жауы, бандит болған соң жамандап отыр деп ойлама. Шапырашты, Дулатта адам баласының қара тілі атанған Шалтабай өте шешен, ақыл иесі кісі болған. Ол сөйлегенде жұрт айрандай ұйып қалады екен. Б.Қыд. ~ Соңғысы нағыз қара тілдің өзі еді. Жат елдің аңысын аңдып, аузын бақты. Т.Әл. ~ Адамның ділмар шешен қара тілі, Сөз қалмас тауып айтса адамзаттан.Қарқынды, көркем өлең ағытайын, Суындай, Сырдарияның аунап аққан. Қазанғап. ~ Тұрысбек қажының қара тілді, пысық жігіті Тілеу ел намысы, қажының меселі дегендерді алға салып, тақымдап отырып алды. Ә.Салық.
