Posted in

ҚАРА ТҰТТЫ (ТАРТТЫ)

ҚАРА ТҰТТЫ (ТАРТТЫ)Пана қылды, сүйеніш көрді, арқа тұтты. * Енді Айқанда қарайлайтын не қалды? – дейді шал. – Қара тұтар кімі бар? Қара басы, қара басының қайғы-шерінен өзге бары, қане? Н.Дәу. * Қашанғы шаба берсін, барып-барып бір зираттың түбіне келгенде қара тұтты ма, тоқтады-ау әйтеуір жануар. Зираттың оң жағы үлкен өзек екен. К.Қазыб.

Қашанғы шаба берсін, барып-барып бір зираттың түбіне келгенде қара тұтты ма, тоқтады-ау әйтеуір жануар. К.Қазыб.

бұрын-соңды таныс-білістігі болмаса да Қарасайды қара тұтып, әрі бір университеттің түлегі болған соң, бар сырын армансыз атқарғандығын кім ұмытар. Қ.Жиен.

Бірге туған бауыр-туыстан тұттай жарықтық, сені қара тұтып, алдымен саған келіп көрісті… Т.Шап. * Кейіннен Буыршын бойындағы нағашысы Жақыпқа қара тартып келіп Алтай өңірін қайта мекендеген. Ж.Шәк.