Posted in

ҚАРА ҚАСҚА (ҚУ) КЕДЕЙ

Күн көрісі төмен, бишара; жарлы-жақыбай. * Ертегіде бір кедей, Қара қасқа қу кедей. Қатыны бар қаншырдай, Үш ұлы бар қамшыдай. Ж.Айм. ~  Ол кезде орыстың тіліне түсінеміз бе, шоқпармен әлгіні сілтеп өттім… Артынан барып білдім-ау; ол байғұс менің басымның жарылғанын көріп, өлесің ғой деп аяп тұрғаны екен. Өзім сияқты қара қасқаның бірі екен, артынан соның өзімен тамыр болып кеттім… Б.Майл. * Көбіне-ақ адам өзін-өзі мұндар етеді-ау деп, Әз-Жәнібек атының басын алысқа жіберіп алды… Бұл қарақасқа кедей зағиптың оң жағынан отырды. Б.Қыд.