Posted in

ҚАРА ҚЫЛДЫ ҚАҚ ЖАРДЫ

Әділдік жолымен жүрді. * Дүниенің қайғысынан зарланбаса, Көз қысып күлгеніне алданбаса, Қақ жарар қара қылды тура бөліп Айтылған сөз жайынан жалғанбаса. М.Жұм. * Қара қылды қақ жаратын әділ, барлық қазақты бір кісінің баласындай
көреді, зорлық оның дұспаны, әзілдік досы, елім деп еңіреген ер…» деуші еді Мырзабек… Ғ.Мұс. * Жеті арыс елді неше жылдар жөнге алып, дұрысын дұрыс, бұрысын бұрыс деп, би болып қара қылды қақ жара бәтуа айтыпты. Д.Досж. * Қара қылды қақ жарған әділдігі оны бүгінгі әулеттің алақанынан түсірмеді. Ғ.Біл. ~ Сонымен бірге әділ билік, тура билік жөнінде айтылғанда «қара қылды қақ жарған», «қара қылды қырыққа бөлген» – деген сөз бар. Әрине бұл үкім әдейі кесіліп, екі жақта риза болып тұрған шақта орындалатын салт. Р.Кар.