Posted in

ҚАРА ҚҰЛАҚ БОЛДЫ (ҚҰЛАҚТАНДЫ)

Есейіп жетілді, марқайды. ~ Балалар қара құлақ болып өсіп, бір жасқа жеткенде, еліне жау тиіп, жұртын шауып, бүліншілік салады. Ә.Марғ. ~ Алғашқы байланған кезде құрыққа үйренбеген құлындар ұстатпай, бие байлау түске шейін созылатын. Әсіресе, ерте туып қара құлақ болған құлындар, жылқыдан шыға қашып, атқа жеткізбей әуре қылатын. С.Мұқ. ~ Отряд барғанға дейін бие атаулы құлындап болған екен, бірақ өзге арғымақ құлындар кешірек туыпты да, Жандос әнеугүні көретін құлын кәзір қара құлақтанып марқайып қапты. С.Мұқ.