Posted in

ҚАРА ҚҰРТТАЙ ҚАПТАДЫ

Толып кетті, сансыз көп. ~ Ойрат, қалмақ, башқұрт шабуылы аз болғандай ендігі қауіп қара құрттай қаптаған шүршіттен төне бастағанын сезген еді ол. С.См. ~ Жас кезінде жеке батыр атанып, қара құрттай қаптаған жауға қарсы шауып қамал бұзған он сан оймауыт, тоғыз сан торғауытты қойдай ықтырып, қояндай бұқтырғ- ан, не бір апай төс алпауыт ойрат нояндарын жекпе-жекте жер қаптырған. Ө.Кәр. ~ … Көкпар әдеттегідей тартысты басталған. Қара құрттай қаптаған мың қаралы аттылы ұйлығыса кеу-кеулесіп ортаға ұмтылысады. Ө.Кәр. ~ Соған шығарып қарауылға қойған бір бала, түс ауа берген кезде шауып кеп үй сыртынан: – Балуан, Балуан… Қара құрттай қаптап келе жатыр!-деп айғай салды. С.Мұқ.