Ағзаның қыстан кейін әлсіреп, осал тартқан мезгілі. ~ Көкөзегім ақырған аязда бүйенге салып сақтап, көктемгі көз қарайған қара өзекте шайға сапырып салатын сары майым ғой. Жуан жіңішкеріп, жіңішке үзілген шақта талай құтқарған ол құтқанама қыста мал түсірмеймін. М.Қаб. ~ Ертеде екі жолаушы жігіт бір сараң байдың үйіне келіп қоныпты. Бай үйі: — Күн жаз болды, жуан жіңішкеріп, жіңішке үзілді, қара-өзек шақ, жігіттер су-суан ішіп жатпастарыңа болмас, — деп, оларды қара шаймен қатырыпты. ҚАӘ. ~ Және, оның үстінде, бұл жақтағы елдің қыстан қаусап жұтап шығып, ашығып жатқан қара өзек шағында келесің. С.Сей. ~ Бір тəуірі бұрынғы шабармандарша қырып-жойып, күш көрсетпейді. Сонда да қара өзек шақта күйзелтіп жіберді. Е.Мұх. ~ Паң Нұрмағанбеттен іргесін аулақ салғалы осы ауылдың байы Тасболатқа жылқышылыққа жалданған екен. Қазір мына қара өзек кезінде күні-түні көтерем мал соңында. С.Жүн.
