Posted in

ҚАРДАЙ БОРАТТЫ (ЖАУДЫРДЫ)

Аямай төкті, бірінен соң бірін жіберді. ~ Қамардың көрінбеуінде бір құбыжық бар ғой деген өсекті қардай боратушы еді. С.Тор. ~ Қонақтар қоярда- қоймай Ермолайды столдың төріне отырғызып, оған қошемет көрсетті. Қайдағы жақсы сөздерді, игі
тілектерді қардай боратты. С.Ом. ~ Сәуле өз үйінде отырғандай емін- еркін. Дастарқан басында да әзіл- қалжыңды қардай боратты. С.Смат. ~ Мейізкүлдің менің шешеме де сен жайлы талай-талай жаман пиғыл туғызатын, тіпті үрейлі өтірік пен өсек сөздерді қардай жаудырғанына да сыр білдірмей, естімегендей боп, сырт беріп жүр едім З.Нұрт.