Алданып қалып, біреудің құрған тұзағына түсті, ықпалына өтті, тұтылды. * «Түсінікті. Өкіметтің қақпанынан құтылғанмен, бәрібір Қараманның қармағына іліккен болдың ғой» дегенді ойлап өтті Әділ ішінен. Қ.Жұм. ~ Қаламқас. Шалқардың су тасиды жан-жағына. Шалықтап соқса толқын жан жарына, Сылаңдап күліп-ойнап жүрсе сұлу
Сүйгеннің ілінбей ме қармағына. Қосылсам өзім сүйіп өз теңіме Жалғанда жетер едім арманыма. Т.Жар. * Шыныбай асып еді, пір шағында, Жан жетпес ер Қажекем аруағына. Жамантай, Құсбек, Шыңғыс, Сартай терем Ілінген талай Найман қармағына. “Біржан-Сара”. ~ Аттанар алдында Қожан «осы шатқалдан аударма» деген еді. Жаман айтпай, жақсы жоқ, ол әлде қалай қызыл жағалылардың қармағына ілігіп кетсе, мына жау айдағырды қай қуысыма сіңіремін. Ж.Баш. * Үкімет қармағына ілініп, бағы ашыла бастағанда, дәрі шөптің тамырын қазған қаңғыбастар өлтіріп кетіп, бар ақшасын, бағалы үй-мүлкін тонаған. Т.Рыск. * Алпысқа таяп‚ ата сақалы аузына түссе де перзентіне жақындағанда бір тосын күш жүрегін жиі-жиі соқтырып‚ қобалжудың қармағына түсіп қалады. Қ.Түм.
