Posted in

ҚАРМАҚҚА ІЛДІ (ІЛІКТІ, ТҮСТІ)

Қолға түсірді; алдап ұстап алды; біреуге жем болды. ~ “Бес байтал – әйел құны” – дегне бір сөз, Қармаққа талай жасты іліп жатыр. М.Жұмаб. ~ Тұзаққа өзі түсті ме? Әлде, баласын құтқарам деп шыр-шырлап жүргенде қанды қармаққа ілінді ме? Ә.Нұрп. ~ Құйғытып келіп киліге кеткен талай маңғұл сарбазы қармаққа іліккен шабақтай, таңғұттардың көк сүңгісінің ұшында тулап жүр. Ә.Кек.