Posted in

ҚАРНЫ ҚАБАҚТАЙ, БҰТЫ ТАЯҚТАЙ

Қарны жуан, бірақ өзі тым арық д.м. ~ Қарны қабақтай, бұты таяқтай, жілігінің жігін, қабырғасының қатарын сыртынан санап алатын топырыш торы, оған белден жеккен екі доңғалақты — «қазақ арба». С.Мұқ. ~ Қарны жуан, жүдеу баланы біздің жақта «қарны қабақтай, бұты таяқтай» дейді. «Қабақ» дегеннің не екенін де білмейді. Тілде «қабақ» сақтаулы — бір кезде олар қабақ та еккен болу керек… С.Мұқ. ~ Атының өзі маңқа, арқасы жауыр, үсті қотыр, қарны қабақтай, аяғы таяқтай, өзі сүріншек, қысқасы ит кемірген қу асықтай. Жүгенінде ауыздық жоқ, тізгіні таспа және үзік-үзік. У.Шекс.