Posted in

ҚАРТ БУРАДАЙ ЖАРАДЫ

Әбден бабына келіп тұр д.м. ~ Алыстан дұшпан аттанса, Қар-жаңбырдай бораған. Жақыннан дұшпан аттанса, Қарт бурадай жараған. Барғанда төре таныған, Қайтқанда қара қамаған. Қарасы мен төресі Қамап, ақыл сұраған. А.Байт (“Мамай б.”) ~ Қайран есіл қандарды Енді бір көрер күн бар ма? Кене қанның тұсында Қарт бурадай жарадық! Жауды жасқап жапырып, Жауған қардай борадық! А.Байт. (“Алтай т.”) ~ Қарт бурадай жараған. Барғанда, төре таныған, Қайтқанда, қара қамаған. Қарасы мен төресі. Қамап ақыл сұраған. М.-Ж. Көп. ~ Ақ сұңқардай түлеген. Тояты әбден қанған соң, Алыстан дұшпан аттанса, Қарт бурадай жараған. Барғанда төре таныған, Қайтқанда қара қамаған. “Кеңгірбайды жоқтау”.