Жанары сесті, өткір. ~ − Мұртаза баласы Барсхан! Тақтаға! – дейді. Шығамын. Қаршыға көз, бүркіт тұмсық, сұсты кісі. Ұзын бойлы. Бір қырым артық еті жоқ, сымдай тартылған, сұлу адам. Бірақ сұсты. Ш.Мұр. ~ Мен тағы да Бауыржанға қарадым: оның ерінінен дір еткен қимыл сезілген жоқ қаршыға көзін комиссардың иығынан асыра, қабырғада тұрған кішірек суретке қадап, тағы да үнсіз қалды. Ә.Нұрш. ~ Манадан үн қатпай, кім сөйлесе соның ауызына ғана қарап, есік жақта отырған қаршыға көзді, қара мұртты, ақ сұр жігіт әлденеге бекінді де арыстандай атып тұрды. Ә.Әб.
