Posted in

ҚАРШЫҒА ТИГЕН ШІЛДЕЙ

Быт-шыты шығып, жан сауғалау туралы. ~ Сұраншы, Саурық кезінде, Қайсың бетке кеп едің? Құдияр мен Орманды, Қаршыға тиген шілдей ғып, Алдыма салып қуғанда, Білінбей кетті дерегің. Сүйінбай. ~ Сайда саны қалмай ығып, Күн кешкен қырғи тиген шілдей бұғып, Малға өріс, Өздеріне қоныс таппай, қаңғыған тоз-тоз болып Ел шұбырып. Тірідей аға айырылып қарындастан Аш өзек баласынан ана қашқан. Ж.Орынб.