Posted in

ҚАРЫМЖЫСЫН АЛДЫ (ҚАЙТТЫ)

Біреуде кеткен есесін қайтарды. ~ Кедей Мұстапаға жұрттың бұнша қарайласуы түсінікті. Нағыз жақындарының жаны ашып беріп жатыр. Жай жақындары «жасаулы келін түседі, қарымжысы қайтады» деп беріп жатыр. Ал, Әубәкірдікі не? Сұрағанда бермей келіп-келіп, күрт түскені қалай? Ғ.Мұст. * Жин Шурынның ит сілікпесінен зорға шыққан Әліп қарымжысын Баймолладан алды. Ж.Шәк. ~ Елдің дуылдай екі жар бола айтысы айқайға айналып, шаған жағынын адамдары «қара атты, келеші Бүркітбай бәйгі айғырмен тартып оздырыпты, жол тосу, көлденең шабу соның қарымжысын алу екен» деп табан астынан дау туғызды. С.Бег.