Көңілге медет болар азын-аулақ ауқат. * … шіркін, терісін сыпыра сала ішек- қарнын ақтармалап жіберіп, тез пісетін көк бауыр, қос бүйрегі мен айналдырылған төрт- бес қарыс майлы тоқ ішегін лау ғып жаққан қарағай шоғына күлді- көмеш, құйқалақ қып, шикілі- пісілі асап, қарын жұбатар пісіріп жегеннен өткен не бар?! К.Сег. ~ Сол күні 286 адам қарын жұбатар құрғақ тамақ алуды ұмытпаған көрінеді. БАҚ. ~ Колхоз, совхоздар тарап, шабындық пен жайылымды, түлік атаулыны бөліске салғанда пайға тиген азғантай жандығын жағалы тон емес, қарын жұбатар жарты қап ұнға, иығын жабар жарты кез матаға айырбастап жүріп түгесіп алған ел еңсесін тіктей бастағанда қайтадан мал жинауға тырысыпты. А.Нүс.
