Күшіне сеніп, өзіне тең келер, қарсы тұрар ешкімді көрмей, асып-тасып, дандайсып кеткен адам туралы. * Алдынан шығып, шаужайға қаққан бірде-бір ер, әлде бір ел шыға ма, жоқ па?! Қарын шашы алынбай, қара албасты кете ме?.. Жоқ, кетпесін!.. Алу керек елдің өшін, ердің өшін! М.Әу. ~ Енді оны бір отамай, көз ашылмайды. Жүнін жығып алып жұрт көзінде бағасын түсірмесең—болмайды. Қарын шашы алынбай, асып кетті. М.Әу. ~ Әлібек (Жантыққа). Ә, солай ма, жуан сөзге басты ма бұл. Ендеше, іркілме Жантық, сал шеңгелді батырына. Қарын шашы алынбай асыпты ғой бұл, теп. М.Әу. ~ Ш е м е н Тоқтат, өшір үніңді, Тар қылармын күніңді. Бел қыласың кіміңе? Ұмытқансың еркіндеп Қарын шашың алынбай Құдайыңды, дініңді. М.Әу.
- Қиындық көрмеген, тәжірибесіз; аңқау, көнбіс. ~ Арман қазір қарын шашы алынбағаң, сары ауыз бала емес. Н.Кел. * – Соны басындырып, басымызға шығарып, құтыртып алған бар күнә өзімізде. Қарын шашы алынбаған бала сияқтымыз ғой. – Қорқақпыз, қуыс кеуде құр сүлдерміз, тірі қаңқамыз Ғ.Біл.
