Posted in

ҚАРЫС СҮЙЕМ

Саусақпен өлшенетін қашықтық, халық өлшемі., бас бармақ пен сұқ саусақтың аралығы. ~ … тайшадай қара доңыз қарсы ұмтылғанда, үзеңгісіне шірене тұрып сауыт бұзар жебесін қақ маңдайдан қарыс сүйем кіргізіп, омақата құлатып, атаққа
ілінетіні де, тағы сол саят базарында. І.Ес. ~ Келер мезетте сойдақ-сойдақ, сап-сары, қарыс сүйем қос-қос азулы жеміт аузын арандай ашқан да, шырылдай дір қаққан дəрменсіз баланы бел ортадан қаржи тістеген; басын кегжитіп, езуінен
айбат шаша гүр етіп, бүктеле бұрылған да, киіз есікті серпе ашып, сыртқа бір-ақ қарғыған. М.Мағ. ~ Бәріміз Қарабаланың баласымыз, дегенмен мына Қилыекең Солтыбаймен немере, значит, қарыс сүйем жақындығы бар. Н.Дәут. ~ Белдерінде –
алтын жалатқан қарыс сүйем кіселі, қақтаған күміс белбеу. І.Ес.