ҚАРҒАДАЙ БОЛЫП (БОЛСА ДА) Кіп-кішкентай болса да, түріне қарамай. ~ • Ал, кеттiк! Әй, бәйбiше дайынсың ба? Жүр, әй, қарғадай болып, өзi кекшiл болып алыпты. Түйiлуiн нәлеттiң! О.Елс. * Қартайғанда көрген шарана тәтті бола ма, Жылқайдар кенжесіне жан теңгермейді. Қарғадай болып кісілігі бар… Түбі осыдан бірдеңе шығады… З.Шүк. * Қарғадай болсаң да көзіңдегі қос үрейді көрген соң түңіліп, сұрықсыз сұм кепті баян қылдым. Естіген құлақта жазық жоқ. А.Кемелб.
