Аттап басқан жер, тым жақые қашықтық. * Қарға адым – өте жақын деген мағынаны білдіретін халықтық өлшем. Тілімізде «Күн шілдеде шіл адым, қаңтарда қарға адым» деген сөз қолданысы бар. Бұл қарға құсының қыстайтын, қар үстінде адымдап жүруінен алынған болса керек. * Қақпадан атты әскердің алғашқы легі шапқыншыларға қарсы ұмтылып еді, жемге тойған көліктері қарға адым ұзамай жатып тезек тастай бастағанда, қарап тұрған жиын түңіліп, жерге түкірісті С.Санб.
- Ой-өрісі тар, тап қазіргі пайдасынан өзгеге өресі жетпейтін адам туралы. * Билік – өткір қылыш. Басында ақыл, көкірегінде сәуле, көзінде нұр, жүрегінде парасат лапылдап тұрған адам оны қынабынан суырмайды. Негізі нашар, қараңғы ойлы, қарға адым қара тобыр мұны пайымдай алар ма. Н.Дәут.
