Өңі құлпырып шыға келді, қутыңдады, құлпырды, сыланды. ~ Хат жазайын, Ғалия, саған арнап, Сипатыңа, екінші, құрмет айлап. Анда-санда көзіме бір көрінсең, Қарға аунаған түлкідей қалам жайнап! Ойпырым-ай, жан сəулем, Ғалия. Балуан Шолақ. ~ Пұстыларымыз жас жүрсе қунайды, қарт жатса қунайды дейді ғой. Ал мен сенімен сөйлескенге-ақ қунап, қарға аунаған түлкідей жайнап қалдым. Б.Қыд. * Өлі жүні түспеген иттей болып жүретін бұралқы неме қазір қарға аунаған түлкідей құлпыра бастаған сыңайда. О.Бөк. ~ Өзі құралпы талай көк тұқыл қырма сақалдар жас иісті баурына басып, қарға аунаған түлкідей қутыңдап жүрген жоқ па. Т.Сәу. ~ Күлімкөздің сиқырлы жылты көбейді ме, ашкөз аусардың қартайғанда кәрі жыны қозды ма, уәзірдің жас ханым дегенде қоярға жаны қалмады. Қарға аунаған түлкідей бұлықсыған жас ару кәрі бүркіттің қиядағы көзін аулап, ақыры оңашада үстінен түсірді. С.См. ~ Бір мойыныңыз айна- ласы екі-үш жылда Арқарлыны қағып-сілкіп жөнге келтірді. Иесін тапқан кер бетегелі жонас-қырқа, шабындықты өзек- тер қарға аунаған түлкідей құлпырды. Ө.Кәр.
