Posted in

ҚАРҒА ТАМЫР (ТАМЫРЛЫ) ҚАЗАҚ (ЕЛ)

Алыс-жақын туыстық қатынасы, ілік-шатысы мол. * Сүйегін сұрап, арғы – бергі тегін ұқты. Бәрін де танып, қарға тамыр қазақтың ілік – шатыс жағын айтып, аз әңгіменің тұсында Бәтимен де артаманнан ұғысты. Т.Рыс. * Ал енді, мықты болсаң, осындай мидай былығып кеткен, қым-қиғаш, қарға тамырлы қазақтың арасынан мемлекеттің түп- түзу шекарасын жүргізіп көр! Қ.Жұм. * Қарға тамырлы қазақ екенін жалпақ қара әп- сәтте ұмытты да бетінің түгі бедірейіп, осыдан жерге бір түсерсің дегендей шойындай денесімен мені қабырғаға сығып тастады. Қ.Ысқ. ~ Қарға тамырлы қазақтың қай туысқанын, қай жекжатын білерсің. Б.Қыд. ~ Қарға тамыр ел едік қашаннан-ақ, Жекжатымен ел өсіп жасаңдамақ. Ж.Жаб. ~ Қаратау бойын қатар жайлаған қарға тамырлы қалың елдің ішіндегі таныс адамдарды паналай жүріп, Қайып біраз уақыт зорлықпен айырылып, сергелдеңге түсуі – қас дұшпанға тілемес тағдыр тәлкегі болды. Ү.Жәл.