Posted in

ҚАРҒЫС АТТЫ

Біреудің тілеген жамандығына ұшырады. ~ Бұдан аман құтылу үшін егінді таптаған қой мен сиырдың екі сауын сүтін елге таратып берген жөн. Сөйтіп сауабын алмаса, ел қарғысы атады,—деп шошытады екен. Б.Мом. ~ Тал да таппай қармауға жағалаудан, Ақыл қашқан адыра бабалардан. Қандай қарғыс атты екен қайран елді?! Қайда барып тығылар аналауға?! М.Мақ. ~ Бір күні Айсұлу түс көріпті. Түсінде жылан баласы өзінің қойнында жатқан екен: «Шеше, мен үшін мұнша қайрат шеккеніңіз не? Мені қарғыс атқан. Сондықтан жыланға айналып, туылып отырмын» депті баласы. «Қандай қарғысқа қалып едің?» — деп сұрапты Айсұлу. Қаз.ерт.