Posted in

ҚАРҒЫ БАУ

Құдалық рәсімі бойынша қалың малдан бөлек берілетін мал.
~ Жүз жылқы қарғы бау қаншалық ыстық жалынмен тартса да, бүгін Тәкежан қолына тимейді. М.Әу. ~ Әзімбайдан туған бесіктегі қызды бір немересіне айттырмақ дейді. Соның «қарғы бауына жүз құр ат беремін» деп сөз салыпты! М.Әу. ~ Бұған біреу қойған құда болып, Құданың мал жағынан жері толық. Қытайға қараған ол Керей елі. Қарғы бау беріп қойған келіп қонып. С.Тор.