Posted in

ҚАРЫҚ БОЛДЫ (ҚАРҚ БОЛДЫ)

Рахатқа батты; көңілі көншіді. ~ — Бұл Мүсірәлі, рас, Таптазани сияқты ғалым адам. Одан бұдан жинастырған сөз болмаса, бізде мұныкіндей ілім жоқ, — деп Әлдекей «Надансың» дегенге тағы оңдырмай кекетті. Жұрт тағы қарық болысты. Ж.Айм. ~ — Шақша қайда? Шақшаны әкел!— Шақша ұстаған жігіт қара шақшаны Көшенге берді. Насыбайдан айырылып, Нығман шоңқиды. Жігіттер олжа насыбайды таласып атысып, қарық болды. Ж.Айм. ~ Тобылғы гүлденіп, торғай жасарып, орман ың-жын боп, мал-жан тыраңдап, көкке, аққа тойып қарық болған кезде Қартқожа Гүлсімін қасына алып, барақотқа мінді. Қартқожамен бірге жиырма шақты қазақ жігіттері де демалысқа елге қайтты. Зашөт (емтихан) берілген. Билет тегін. Жол азық бар. Көңіл шат. Ж.Айм. ~ Сүйіндік үйінде Абайдың үндемей қалғанына ішінен күліп отырған да кісі бар. Ол Сүйіндіктің кіші баласы – Әділбек. Асылбектей емес, ол ожар, тоң мінезді болатын. Енді Абайдың аңырып, дағдарып қалған пішініне қарап өз ішінен: «Ал, тілегенің сол болса, қарық бол!» – деп, жымиып отыр. М.Әу. ~ Лаулап жанған от қостың ішін лезде қыздырды. Даладан тоңып келген жұрт аяқ-қолдарын жылытып қарық болып қалды. Ә.Шәр. * Ақ батадан қорқып қырық – елуге келген адамға он төрт жасымыздан күйеуге шығып отырмыз. Байдың баласына барып қарық боп отырған қазақтың әйелі жоқ. М.Дәулетб.

* Орсалаң басына құдай өзі барды, таудың қақ басынан іше­тін су шығарды: адам да, мал да қарқ болды. Ә.Бөкей.