Posted in

ҚАР БҰЗАР

Бастаушы, көсем. ~ Осындайда қар бұзар жастардан “филосов” Жиенбай мен ақын Кенжебек, үлкендерден ауыл адамы болғанымен, аңғарлы, адуын мінезді Дарқан да сөзге шешен, іске пысық кісі. Т.Рыс. ~ Үстіне тигенін киіп, алдына келгенін апырып- жапырып, ішіп- жейді де, тоңырайып жүре береді. Қара жұмыстың қар бұзары. Т.Рыс.~ Жасында шаршы топта қар бұзып, шешендік танытып, елді аузына қаратқан кездері де болғанын, аңыз, шежірені де аса қызықты етіп, майын тамызып айтатынын ет құлағымен естіп еді. Т.Рыс.