Көктем шығып, қар ери бастады. * Сөгіліп қар көбесі көктем жетті, Меңдеген ауыр ойдан көкіректі. С.Баяз. ~ Ерте-ерте, ертеде қардың көбесі сөгіліп, күн жылына алуан түрлі гүлдердің салтанатты шеруі басталыпты. Г.Әшірбаева. Генерал Чернов Омбыға ерте көктемнің басында кеп еді; бұл кез қыс бойы тоңы ойылмай бітеуленіп жатқан Сібір қарының көбесі сөгіле бастаған шақ. Ә.Нұрп. ~ — Көштеріңді жолдан қалдырмай жүре беріңдер, мен енді Балуанияздың қасында қалам, – деумен болды. Қар көбесі сөгіле қыс бойы паналаған жылы ойдан қырға жайлауға бағыт алған ауыл көші амалсыздан Балуанияз батырдың бейітінің қасына келіп қонып, төрт–бес күн еру болуды қалады… А.Өтег. * Қош келдің, әз-Наурыз! Сіресіп жатқан қардың көбесі сөгіліп, көктемнің лебі шартарапты шарпыды. БАҚ.
