Адам төзбес суықты, асқан қиыншылықтарды басынан өткерді. * Осы қу ауруды сенiң жылқыңның соңында, қар төсенiп, мұз жастанып жүрiп алмап па ем, Өскембай баласы! М.Әу. ~ Қар төсеніп, мұз жастанып дамыл алмай жүріп, жылқыға шүйгін болатын жерді ерте бастан есептеп білетін. М.Әу. * Ұлан-ғайыр даланы ұрпаққа аманат еткен бабаларымыз қар төсеніп, мұз жастанды, жәуімен жан аямай шайқасты. БАҚ * Шешем өмір бойы оның үйінің отымен кіріп, күлімен шықты. Мен «қозышы бала», «қойшы бала» атанудан бастап, «жылқышы жігіт» атанғанша төрт түлігін қар төсеніп, мұз жастанып жүріп бағыппын. К.Сег.
