Posted in

ҚАСАҢ ТІЛ (СӨЗ)

Қарабайыр, икемсіз тіл. ~ Мектептікі ме? Иә, солардікі. Ой, осыларды- ай, жөні түзу мінездеме де жаза білмейді. Баяғы бір сірі қалып, қасаң тіл. М.Сүн. ~ Бұл өзі сондай қасаң да қарабайыр тілмен жазылғандықтан, оған бұдан басқа баратын жол да жоқ. Серв. ~ — Жүсіптің аузынан шыққан қасаң сөздің өзі суға түскен тулақтай былбырап, әбден иі қанғандай жұмсарып шығушы еді… М.Сүн. ~ Шындықты қаз- қалпында қасаң сөздермен сірестіре хабарлай салмайды. Бір қайырымдағы үш сөйлемге де жан бітіреді, үш сөйлемді де қимылға көшіреді. З.Қаб.