Posted in

ҚАСА НАДАН

Барып тұрған нақұрыс, ақымақ. ~ Қарны тоқ қаса надан ұқпас сөзді, Сөзді ұғар, көкірегі болса көзді. Қадірін жақсы сөздің білер жанға Таппай айтпа аған да айтар кезді. Абай. ~ ,,Ол рас, армансыз кісі бар. Сенімді көршісі болса, өз үйінен
тойса, ешнәрсеге көңілі алаңдамаса, қаса надан болса, сол кісі армансыз. Мені қалай армансыз дейсің. Басқаны былай қойғанда, сенің осы жалғыз атыңды үш жыл сұрастырып, әрең таптым ғой. Осыдан малың ізсіз кетсе , сен :”Абайға да
тапқызбады,, – дейсің, ұры:” Ақыл- айламды Абайдан да асырдым,,- дейді. Бұл уайым емес пе?”- депті Абай. М.Мағ.