Қарғыс. Жау алғыр, жолың болмағыр. ~ Қарақатын ошақ алдына тізерлеп отыра қап, еңкейіп әрі-бері үрлеп еді, отын бәрібір тұтамады, көк түтін көзіне кіріп, қақалып-шашалып әпі-шәпі боп жатқанда, қастан шықпағыр Ақкемпір, сыртқа апарып көрпе-төсекті қағып, ішке бір кіріп, бір шығып жынына тигені… Ә.Нұрп. ~ Қастан шықпағыр – ай, құлындай шыңғыртып,— әлгіні бойлатып салғанда шанышқан ашуы тас төбеңнен, миыңнан шығып, шыңғырған үнің тақ құдайға жетеді! Ж.Ах. ~ Енді кіре ме дегенде, әдейі жынына тигісі келгендей, тағы бір қастан шықпағыр темекісін сөндіріп, қызыл шоқ жылтыраған тұқылды тақасымен ырғап, күйбек-сүйбектеп жуық арада кіріп болмады. Ә.Нұрп.
