Ерекше кейіппен, тәкаппарлана қарады. ~ Жолбарыс жымың қағып сылқ-сылқ күлді, Қарашаш жарлық күтіп керді қасын. «Осы ма сұрағаның, Қарашашым? Қаласа, қалағанын алсын, алсын! І.Жанс. ~ Бұлт – пердеден сығалап қор қыласың, Тағы
саған тамсанып керді қасын. Таң жұлдызын таба алмай түнгі қырдан, Сүмбілеге сүқтанған сорлы басым. С.Нұрж. ~ Жымиып, Кене сонда қасын керді, Кеудесі көтеріліп, басылды енді. Шынында ұнататын бала жастан Жасыл көл, жасыл шалғын, жасыл
белді. Ә.Қай. ~ Ерден «кім?» дегендей сұраулы кейіппен қасын керді. — Айжан! Алты сағат бойы! Соны айтқанда жан- дүниесін астан-кестен еткен алапат сезімін ірке алмай, Сәбиттің кӛзінен жас ыршып кетті. К.Әлп. ~ Жазушы шалқая түсіп, қасын керді. Елтай тағы ереуілдеді. — Жүз, жүз жиырмамен заулаған шофер тек жол сорабын ғана көреді … М.Қаб. ~ Әлдеқандай ұлы қарт тау басында тұрған-ды, Дамиатқа арқасын, Римге бетін бұрған-ды, Қарағандай айнаға қасын керіп, нұрланды. М.Мақ.
