Ауыр қайғыға душар болды, азаптанды.~ Кеше бары бүгін жоқ, бүгін бары ертең жоқтай қауіп күтіп, қайғы жұтып, қасірет шеккен азалы елдің осы тұста намысынан өрт қаулап, кек қамалына бекінген де шағы еді. Ә.Әб. ~ Абдолла оның бүгінгі жұрттан ерек өзгеше қиналып, ала бөтен қасірет шеккеніне тәнті боп, түсіне алмай отыр. С.Ғабб. ~ Жүріп келем, оң жағымнан қасірет көрдім басқа бір, Басқа жаза, бөлек азап рақымсыз, тас бауыр. М.Мақ.~ Шіркін, адам бойындағы ізгілік-ай десеңші?! Мүмкін, қанша қасірет тартсақ да тіршіліктің тәтті болатыны сонан шығар. С.Ғабб. ~ Бақытты ғой арманы жоқ
адамдар; өз басынан еш қасірет кешпеген, өздері ойлап бір мәселе шешпеген, бейқам әке, ойсыз шеше, олардың баласы да тентек болып өспеген. Ф.Оңғ.
