ҚАС ЖАҚСЫ Нағыз азамат, абзал жан. ~ «Қас» деген: шын, нағыз деген мағынада. Қазақ халқының: нағыз сұлу, нағыз батыр, нағыз жақсы, нағыз жау деудің орнына қаса сұлу, қас батыр, қас жақсы қас жау… деуі осыдан. ~ Жұрты жиылып болған соң, Табақ тартып берген соң, Алтын тақта хан отыр, Қас жақсының ұлы отыр. “Ер Сайын”. ~ Қас жақсының өкпесі Торғын орамал кепкенше. Қас жаманның өкпесі Басы жерге жеткенше!» М.-М.
