Заматта. ~ Қас қаққанша Ақтөс құлақ шекені босатып жіберді де, қасқырдың тамағынан ала түсті. К.Қаз. ~ Осының бәрі қас қаққанша болды. Ә.Нұрш. ~ “Иә, бәлем, күнәһар жан қолыма енді түстің бе?” “Жоқ Флегий. Флегий, айқайлайсың бекерге, Біз сенікі, — деді көсем, — қас қаққанша өтерде, Қайығыңа отырамыз белді байлап бекемге”. М.Мақ.
