ҚАТАРДАН ҚАЛМАДЫ Өз құрпыластары секілді өмір сүрді, әрекет етті. . * Ақабай- ау, Имаштан сенің жолың үлкен емес пе. Сенің лебізің қалай екен, — дейді би біздің ұрпақтың үлкеніне. — Біз де қатардан қалмаспыз, биеке. Б.Мом. * Қоғам алдындағы шағын болса да борыш-қарызыңды өтеп, қатардан қалмай жүре беру де кемдік емес тәрізді. М.Қаб. * Таудағы қарағай кескен жұмысшыларға тамақ жасаушы еді. Мынадай ырду- дырдуға онша желпінбейтін, қаралы жесір биыл қатардан қалмай жүрген. Т.Рыск.
