Posted in

ҚАТАРЫ СИРЕДІ (ЫДЫРАДЫ)

Саны азайды. ~ Құрық тастамға жақындатып алып, көздеп атқан соң қойсын ба, жусатып жіберіпті. Қатары сиреп, әр тұста серең-серең етіп құлап жатыр. Т.Сәу. ~ Салт-дәстүрімізді өте терең білетін әрі шебер таратып айтатын адамдар қатары да қазір сиреп қалды ғой. Қ.Бег. ~ Сөйтін Қасқараулар тобы жоғарылап келді де, Алматыдан бандаларды талқандайтын әскер шықты деген қауесеттен кейін Ақтасты, Қарақыстақ, Суықтөбе маңын біржола тастап кетті, әрі қатары ыдыраңқырап, біразы бұл жосықсыз лайсаңның батпағына белден батып, ол ұйық түбіне тартып бара жатқандықтан, олардан безіп, көз көрмес, құлақ естімес, елден жырақ, қыбайға тартты. Б.Қыд.