Posted in

ҚАТАР ТҮЗЕДІ

Бір-біріне жақындап, бөлектене, тәртіппен орналасты, қатар тұрды, сап түзеді. ~ Соғыстың қарасын көрмейтін себебі – бұл күнде әскерлер соғысқа қоралы қойша иірілген тобымен кірмейді, қадамға тұрып, қатар түзеп, екі жақ қанатын алысқа созып, жайып жіберіп атысады. А.Байт. * Қыз-келіншектер жұрттан былай шығып, қатар түзеген соң Шәмшидің боз жорғасынан қалмасқа, бәрі де желді. Ж.Айм. ~ Қатар түзеп, көк тіреп, мұнаралар қарсы алған. “Неғылған бұл шәрі?” — деп, ұстазыма тамсанғам. М.Мақ.